Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының әйгілі барахолкасынан тағы өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Әлеуметтік желіде Алматыдағы барахолка базарында өрт шыққаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Барахолкадағы өрттің фотосы мен видеосы Telegram-дағы kris_p_almaty_official парақшасында пайда болды.

Жазбада қара түтіннің "Байсат" базарынан шыққаны айтылған. Сонымен бірге оқиға орнында бір топ өрт сөндірушінің жүргені де жазылған.

Өрт
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ТЖД

Бұған қатысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер 19 наурыз күні сағат 14:51-де Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базарынан түскен шақырту бойынша оқиға орнына аттанған.

Олар оқиға орнына 3 минутта жетіп, бірнеше контейнердің жанып жатқанын анықтаған.

Өрт
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ТЖД

Өрт сөндіру техникасына жол ашу үшін оқиға орнына "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілген. Техниканың өтуіне жеке көліктер кедергі келтірген.

Өрт 15:39-да ауыздықталып, 15:53-те толықтай сөндірілген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Еске сала кетсек, 1 наурыз күні түнгі уақытта Шымкент қаласында автобөлшектер базарынан өрт шыққанын жазған едік. Аумағы 600 шаршы метрді құрайтын қойманың 200 шаршы метріндегі автобөлшектер мен аксессуарлар жанып кеткен болатын.

Қуанышқа орай, өрт салдарынан жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904182-almatynyn-aigili-baraxolkasynan-tagy-ort-syqty-foto-video/

pixel