jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында 60-қа тарта елді мекен жарықсыз отыр

    Жарық
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысында алпысқа тарта елдімекен екі аптаға жуық уақыттан бері жарықсыз отыр. Қатты боран салдарынан қараңғылық құшағында қалған ауылдарда бес мыңнан аса электр бағаналары құлаған болатын деп хабарлайды Қазақпарат.

    Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Роза Сариева қатты бораннан өңірдегі Ордабасы, Отырар, Бәйдібек аудандары мен Арыс, Кентау, қалаларындағы 93 елдімекеннің жарығы сөнгенін жеткізді.

    Маманның сөзінше, аталған аумақтарда 36 мыңға тарта тұтынушы тұрады.

    Қазіргі уақытта тек 34 ауылда ғана бағаналар қалпына келтірілген. Қалған 59 елдімекенге нақты қашан жарық берілетіні әзірге беймәлім.

    "Қаптты дауылдан өңірдегі 5105 электр бағанасы құлаған болатын. "KEGOC" компаниясы тарапынан 243 бағананың 110-ы ретке келтірілген. "Оңтүстік жарық транзит" тарапынан 651 бағана қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Кентау, Түркістан қалалары мен Созақ ауданын сапалы электрмен қамтитын желісі құлаған. Қазіргі кезде бұл желі қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға "KEGOC" акционерлік қоғамынан 192 жұмысшы жұмылдырылған. Ал "Оңтүстік жарық транзит" тарапынан 307 адам мен 72 арнайы техника, 72 бригада тартылған. Десе де, аталған елдімекендерде қатты жаңбыр жауды. Салдарынан бағаналар тұрған жерлер батпақ, лай болды. Сол жерде техника кішкене қиналып жұмыс істеп жатыр", - дейді ол.

    Жарық беруші мекеменің дерегінше, осы елдімекендерде бағаналарды қалпына келтіру мен үзілген сымдарды жалғау жұмыстары 15-ші сәуірге дейін созылуы мүмкін деп отырмыз. Бірақ жауын-шашын аздау болса, одан да ерте бітіруі ықтимал.

    Айта кетейік, боран салдарынан 440 миллион теңге шамасында шығын келген.

    Түркістан облысында 60-қа тарта елді мекен жарықсыз отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.