Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала суға батып кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде екі бала суға батып кетті деп хабарлайды Қазaқпарат.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түскен.

Онда ер адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе қаласы, Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткенін айтыпты.

Осыдан кейін оқиға орнына сүңгуірлер мен психологтар жіберілген.

Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққаны белгілі болды.

"Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер 2014 жылы туған баланың денесін іздеуге кірісті. Сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықтан, 7 метр тереңдіктен 6 жастағы баланың денесі табылды. Екі бала да бақылаусыз қалған. Суға шешініп түскен. Жанында ата-анасы болса, бұндай қайғылы жағдай тіркелмес еді",- деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, суға батып кеткендер бір отбасының балалары емес.

Қазіргі уақытта балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 5 адам суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1912268-aqtobede-5-zane-6-zasar-eki-bala-suga-batyp-ketti/

pixel