jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Сирек әрі бұрын-соңды болмаған": Атырау облысында бір ауданда 85 егіз түлек мектеп бітірді (фото)

Атырау облысында мектеп бітіруші түлектер
Атырау облысында мектеп бітіруші түлектер. Фото: atpress.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданында биылғы түлектер арасында ерекше әрі есте қаларлық жағдай тіркелген. 625 мектеп бітірушінің ішінде ондаған егіз түлек мектеп бітірген. Бұл туралы AtyrauPress хабарлайды.

Басылым жазуынша, Құрманғазы ауданы үшін 2026 жылғы мектеп бітіру маусымы ерекше болмақ. Биыл мұнда 625 түлек мектеппен қоштасса, олардың қатарында 85 егіз бар. Бұл - бүкіл өңір үшін сирек кездесетін әрі есте қаларлық оқиға.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түлектер арасында мұншама көп егіздің болуы осы жылдың басты ерекшеліктерінің біріне айналып, аудан тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырған. Мектептерде мұндай жағдай бұрын-соңды болмағаны атап өтілді.

Ең көп егіз Еңбекші, Мұқанов, Нұрпейісова және Мүсірепов атындағы мектептерде білім алған. Олардың бір парасы - 9-сынып түлектері.

Тағы бір ерекше сәйкестік - 15 түлек мектеппен қоштасқан күні өздерінің туған күнін де атап өтті.

"Сирек әрі бұрын-соңды болмаған": Атырау облысында бір ауданда 85 егіз түлек мектеп бітірді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.