Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да балалардың жанжалына араласқан ата-аналар аулада төбелес шығарды (видео)

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында жаппай төбелес болды. Балалардың жанжалына араласқан ата-аналар бір-бірімен жаға жыртысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Еркебұланұлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Белгілі болғандай, 25 мамыр күні сағат 22:00-де оператордың 102 пультіне көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көршілер арасында жанжал болып жатқандығы туралы қоңырау келіп түскен.

"Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік жасақ қақтығысқа қатысушылардың заңсыз әрекеттерінің алдын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаның бірнеше қатысушысы дене жарақаттарын алған, ауырлық дәрежесі әлі анықталған жоқ, полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жанжалдың алдын ала себебі - балалар бір-бірімен сөзге келген, содан кейін ата-аналар мәселені өздері шешуге кірісіп, сөзге келу соңы төбелеске ұласқан", - деп жазды Болатбек Еркебұланұлы.

"Қатысушылар мен куәгерлерден жауап алынды. Толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады", - деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауылда екі мектеп оқушылары арасында төбелес болғанын жазған едік.

Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1914464-bqo-da-balalardyn-zanzalyna-aralasqan-ata-analar-aulada-tobeles-sygardy-video/

pixel