jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Неймар алаңға шығуы мүмкін: ӘЧ-тің 25 маусымдағы ойындар кестесі

    Неймар
    Неймар. Фото: Ricardo Moreira/Getty Images

    Бейсенбі, 25 маусымда Қазақстан уақытымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші тур ойындары басталады. KAZ.NUR.KZ матч кестесін назарларыңызға ұсынады.

    Матчтар A, B және C топтарындағы командалар арасында өтеді. Әр топтағы соңғы турдың барлық ойыны бір уақытта басталады.

    Бұл күні әлем чемпионатының ең танымал жұлдыздарының бірі — бразилиялық футболшы Неймар алаңға шығуы мүмкін. Ұлттық құраманың үздік сұрмергені денсаулығына байланысты алғашқы екі матчты өткізіп алған еді, дегенмен Шотландиямен кездесу қарсаңында құрамаға оралды.

    Қазақстан уақыты бойынша 25 маусымға арналған матч кестесі:

    • 00:00 (24 маусымнан 25 маусымға қараған түні). Швейцария - Канада. B тобы, "Би-Си Плейс" стадионы, Ванкувер (Канада). Трансляция: "Qazaqstan"
    • 00:00. Босния және Герцеговина - Катар. B тобы, "Люмен Филд" стадионы, Сиэтл (АҚШ). Трансляция: "Qazsport"
    • 03:00. Шотландия - Бразилия. C тобы, "Хард Рок" стадионы, Майами Гарденс (АҚШ). Трансляция: "Qazaqstan"
    • 03:00. Марокко - Гаити. C тобы, "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта (АҚШ). Трансляция: "Qazsport"
    • 06:00. Чехия - Мексика. A тобы, "Ацтека" стадионы (Мехико). Трансляция: "Qazaqstan"
    • 06:00. Оңтүстік Африка - Оңтүстік Корея. A тобы, "Би-Би-Ви-Эй" стадионы, Гваделупа (Мексика). Трансляция: "Qazsport"

    Неймар алаңға шығуы мүмкін: ӘЧ-тің 25 маусымдағы ойындар кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.