jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Кабулда бірнеше жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тапты: Байден жауапты соққы жасамақ (фото, видео, 18+)

    Ауғанстандағы жарылыс
    Фото: Telegram / Lshot

    Кабул әуежайында екі жойқын жарылыс болып, қаза тапқандар саны 100-ден асты деп хабарлайды РИА Новости.

    Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері қаза тапқандар саны артқанын мәлімдеді, олардың ішінде 90 ауғандық пен 13 америкалық әскери қызметкер барын атап өткен.

    Жойқын жарылыстар бейсенбі 26 тамыз күні болған.

    Біріншісі шетелдік азаматтар тұратын Baron қонақ үйіне жақын маңда болған. Оны жанкешті лаңкес ұйымдастырған, содан кейін бомба қойылған көлік жарылған.

    Қайғылы жағдай орын алмастан бұрын Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі алдағы бірнеше сағат ішінде теракт болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

    РИА Новости-дің хабарлауынша, АҚШ президенті Кабул әуежайында болған жарылысқа қатысты лаңкестік топқа соққы жасауға дайындалуға бұйырық берген.

    Байден "Ислам мемлекетінің" құрамына кіретін "Вилаят Хорасанға" (ұйым Қазақстан территориясында лаңкестік деп танылған) қарсы соққы жасауға дайындалуды тапсырған.

    Оның айтуынша, Кабул әуежайындағы жарылыстарға кінәлілер жазаланады.

    "Біз қолбасшылыққа ИГ-Х объектілері, басшылығы мен активтеріне қарсы соққылардың жедел жоспарын әзірлеуді тапсырдық. Біз өзіміз таңдаған уақытта және орында қатаң және дәл соққы жасаймыз", - деді АҚШ президенті.

    Ескерту: Төмендегі суреттер мен видеоны жүйкесі жұқа адамдарға, жасы 18-ге толмағандарға және жүрегі әлсіз жандарға қарау ұсынылмайды!

    Кабулда бірнеше жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тапты: Байден жауапты соққы жасамақ (фото, видео, 18+)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.