Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ойын-сауық орталықтың жанында жаппай төбелес болды (видео)

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: instagram.com/aqmola_pd

Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің маңында болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Жанжалға қатысқандар ұсталған. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 8 қыркүйекте сағат 02.51 шамасында "102" пультіне облыс орталығының ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Шақырту орнына патрульдік полиция экипажы мен жедел-тергеу тобы жіберілген.

Тәртіп сақшылары ғимаратта 19 бен 23 жас аралығындағы жігіттер болғанын анықтады. Олардың бірі мас күйде екінші бір жігіттер тобына барып, жанжал шығарған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында жанжал қатысушылары оқиға орнында ұсталған.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді ведомство.

Полицияға жалпы төрт адам жеткізілен. Оның ішінде осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған басты күдікті, 2001 жылы туған Көкшетау тұрғыны да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1931581-koksetauda-oiyn-sauyq-ortalyqtyn-zanynda-zappai-tobeles-boldy-video/

pixel