Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда террорға қарсы операция жүргізілуіне байланысты кей көшелер уақытша жабылады

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда террорға қарсы операция жүргізілуіне байланысты бүгін, кей көшелерде жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 19 қаңтарда террорға қарсы операция жүргізілуіне байланысты келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:

  • Абылай хан көшесінің Мақатаев пен Бөгенбай батыр көшелеріне дейінгі солтүстік және оңтүстік бағыттағы бөлігі;
  • Төле би даңғылының Желтоқсан көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі шығыс және батыс бағыттағы бөлігі.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін, 19 қаңтардан бастап Қазақстанда төтенше жағдай мен коменданттық сағат режимі аяқталды.

Алайда Алматы қаласы мен Алматы облысында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951892-almatyda-terrorga-qarsy-operaciya-zurgiziluine-bailanysty-kei-koseler-zabylady/

pixel