jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында жанармай таситын көліктің 27 жастағы жүргізушісі жоғалып кетті

    Бензин
    Көрнекі фото: pexels.com

    Атырау облысында жанармай таситын көліктің 27 жастағы жүргізушісі жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Урал» көлігінің жүргізушісі 12 ақпанда кен орнына бару үшін жолға шығып кеткен.

    "Бірақ, Атырау қаласынан жолға шыққан жүргізушінің Мақат ауданындағы "Қаратал" кен орнына жетпегені анықталып отыр. Бұл туралы департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін, 14 ақпанда сағат 01:30-да хабар түсті. Көлік жүргізушісінің жасы – 27-де. Ол "Арна" ЖШС-де жанармай таситын "Урал" көлігін жүргізуші болып жұмыс істейді. Оны іздестіру жұмыстары бүгін, 14 ақпанда түнде басталды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Жоғалған жүргізушіні іздестіруге түнде №8 өрт сөндіру бөлімінен 3 қызметкері мен 1 «УАЗ» көлігі мен туыстары жұмылдырылды. Ал, таңертең сағат 06:20-да жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен 1 "ТРЭКОЛ" жол талғамайтын көлігі, "Арна" ЖШС-нің 3 қызметкері мен 1 техника, сондай-ақ, туыстары қосылды.

    "Іздестіру жұмыстары Мақат ауданындағы Доссор кентінен 40 шақырым жерде жалғасып жатыр. "Қаратал" кен орнына жақын маңда әуеден іздестіруге шешім қаблыданды. Сол себептен, оған "Қазавиақұтқару" АҚ-на қарасты МИ-8 тікұшағы экипажының 4 мүшесі, төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері, туыстарынан 3 адам тартылды. Әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ", -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
    Атырау облысында жанармай таситын көліктің 27 жастағы жүргізушісі жоғалып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.