Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 26 жастағы қыз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда бойжеткен жоғалып кетті
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда 26 жастағы қыз жоғалып кетті. Бойжеткеннің іздестіріліп жатқанына бір аптадан асқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сецсембекова Саяның жоғалып кеткені туралы ақпарат Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында жарияланған болатын.

Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, бойжеткен 3 наурыз күні Сығанақ көшесі бойында орналасқан үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол уақыттан бері онымен ешкім хабарласа алмаған.

Саяның белгілері: бойы - 160 см, шашының ұзындығы - орташа. Ернінің үстінде тыртық бар.

Бойжеткен сұр күртеше, қара шалбар және қоңыр кроссовка киген.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті Саяның жақындары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз жазғанын растады.

"Есіл ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны өзінің 26 жастағы туысы осы жылдың 3 наурызында Сығанақ көшесіндегі үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз екенін айтты.

Іздестіріліп жатқан қыздың бірінші рет жоғалмағаны анықталды.

Жоғалған адамды іздеуге елордалық полиция департаментінің жеке құрамы бағытталды. Барлық қажетті жедел-іздестіру және тексеру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Чехияда 20 жастағы қазақстандық студенттің жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Қазір Чехияда жас жігітті іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1960068-nur-sultanda-26-zastagy-qyz-zogalyp-ketti-foto/

pixel