Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Комада жатыр": Атыраудағы атыстан аман қалған жігіттің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Pixabay.com

Атыраудағы атыстан жарақат алып, ауруханаға түскен жігіттің жағдайы белгілі болды. Оған ота жасалған, бірақ, науқас әлі есін жимаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқтан науқастың бас сүйегінің сол жақ бөлігіне, миына зақым келген. Одан бөлек, бет сүйегі жырылған.

"Дәрігерлер науқастың басына ота жасады. Науқастың отадан кейінгі жағдайы әлі ауыр. Әлі комада жатыр. Қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде, дәрігерлердің жіті қадағалауында", - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та Атырауда атыс болып, үш адамның қаза тапқаны және тағы бірінің жарақат алғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ақжайық басылымының мәліметінше, белгісіз біреу автоматтан оқ атқан.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 наурызда сағат 22:10 шамасында болған.

Атырау қаласының "Авангард-3" шағынауданындағы аялдамада тапаншадан атылған оқтан 27 және 23 жастағы екі жігіт қаза тапқан. Кейіннен 27 жастағы тағы бір жігіттің мерт болғаны анықталған.

Ал сағат 22:50-де облыстық ауруханаға 1995 жылғы азамат ауыр жағдайда жеткізілген.

Көп ұзамай полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961071-komada-zatyr-atyraudagy-atystan-aman-qalgan-zigittin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel