Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тереңдігі төрт метр": Түркістан облысында құтқарушылар дәретханаға түсіп кеткен бір жасар баланы аман алып қалды

Опубликовано:

Түркістан облысында 1 жасар бала дәретханаға түсіп кетті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт елдімекенінде дәретханаға түсіп кеткен 2021 жылғы сәби құтқарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға ауыл тұрғындарын тікесінен тік тұрғызды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бір жасар сәби тереңдігі төрт метрге жететін дәретханаға түсіп кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы арқанның көмегімен тартып шығарды. Олар зардап шеккен бүлдіршінді бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Дәрігерлердің тексеруінен соң сәби үйіне жіберілді. Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі баланың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

"Апаттық құтқару жұмысына Түркістан облысы ТЖД-ның 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды.

Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, кеше Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 8-қабатында ілініп тұрған үш жасар қыз бала құтқарылған еді. Балақайды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа демеушілер үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1969022-terendigi-tort-metr-turkistan-oblysynda-qutqarusylar-daretxanaga-tusip-ketken-bir-zasar-balany-aman-alyp-qaldy/

pixel