Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ер адам немересімен бірге Талас өзеніне батып кетті: 7 жасар қыз іздестірілуде

Опубликовано:

Қыз баланы іздестіру жұмыстары
Фото: instagram.com/jambyl_tjd

Жамбыл облысында атасымен бірге суға батып кеткен 7 жасар қызды іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

ТЖД-ның мәліметінше, оқыс жағдай 23 шілде күні Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында болған.

Осы ауыл маңындағы Талас өзеніне 1961 жылы туған азамат пен 2015 жылы туған немересі батып кеткен. Ер адамның денесін сол күні 17:30-да куәгерлер тауып, судан шығарған.

17:50-де ТЖД күшімен қызды іздеу жұмыстары басталған. Алайда нәтиже болмаған. Бүгін таңғы сағат 5:35 шамасында қыз баланы іздестіру жұмыстары қайта басталған.

"Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының үш есебі және сүңгуірлер тобы өзеннің судағы бөлігін тексеруде. Жеке құрамның 74 адамы жағалау сызықтарын аралауда", - дейді ТЖД-ның баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, атасы мен немересі шомылуға жабдықталмаған жерде шомылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979931-zambyl-oblysynda-er-adam-nemeresimen-birge-talas-ozenine-batyp-ketti-qyzdy-izdestiru-zumystary-zalgasuda/

pixel