Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Опубликовано:

Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Қарағанды облысында болған жол апаты. Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды облысында МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам мерт болды. Бұл туралы Polisia.kz порталының Telegram арнасы хабарлады.

Полицияның жазуынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жол жүру ережелерін өрескел бұзу оқиғалары азаяр емес, салдарынан Қарағанды облысында соңы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

"19 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Ақтоғай ауданында Алматы – Екатеринбург тас жолында Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – делінген полиция мәліметінде.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болған.

"Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – дейді ведомство.

Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1988605-qaragandy-oblysynda-zuk-koligi-men-avtobus-soqtygysyp-4-adam-qaza-tapty/

pixel