Алматыда заңгер әйелін өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа полиция іздеу жариялады

Опубликовано:

туфли киген әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы полиция департаменті адвокат Айман Асанованы өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатқанын хабарлады, деп жазады Polisia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйел адвокатты өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған аса ауыр қылмысты жасады деген күдікті, марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған азаматтың іздеуде екенін растаған.

"Бұған дейін хабарланғандай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 8 қазанда Алматыда адвокат Айман Асанова кісі қолынан қаза тапты. Полицейлер кісі өлтірген күдіктіні анықтады, бірақ ол әлі ұсталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1992742-zanger-aielin-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-er-adamga-policiya-izdeu-zariyalady/