Қарағанды облысында шахтадағы апаттан 4 кенші көз жұмды
Опубликовано:

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада 3 қарашаға қараған түнде төтенше жағдай орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
ТЖМ берген алдын ала мәлімет бойынша Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі шахтада сағат түнгі 3:00-де газды дренаж скважиналарын бұрғылау кезінде газдың шығуы орын алған.
Салдарынан кен орнының 4 жұмысшысы қайтыс болып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілген.
Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Алдын ала ақпарат бойынша 106 жұмысшы қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Апатты зерттеу жөніндені комиссия құрылып жатыр, оның нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталмақ", - дейді Руслан Иманқұлов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995514-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apattan-4-kensi-qaza-tapty/