Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтадағы апат: бесінші жұмысшының денесі табылды

Опубликовано:

Кен орны
Кен орны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысында шахтада болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар саны беске жетті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сағат 09.09-да бесінші жұмысшының денесі табылды", - дейді ТЖМ ресми өкілі.

Айта кетелік, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада бұрғылау кезінде газ шығып, төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Одан бөлек, ТЖМ тағы бір адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын.

Төтенше жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, апатқа байланысты мемлекет басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995537-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apattan-son-besinsi-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel