jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтер жарияланды

Венесуэладағы жер сілкінісінен қираған ғимарат
Венесуэладағы жер сілкінісінен қираған ғимарат. Фото: Jesus Vargas/Getty Images

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ла-Гуайра штаты беретін мәліметтерді қоспағанда, бізде қаза тапқан 32 адам және мемлекеттік ауруханалар мен жеке медициналық орталықтардың шұғыл көмек көрсету бөлімшелеріне түскен 700-ден астам зардап шегуші туралы дерек бар", - деді халыққа үндеуінде Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелген. Олардың эпицентрлері Морон қаласынан 16 шақырым және Сан-Фелипеден 24 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінен кейін мамандар цунами қаупі туралы ескерту жариялаған.

Табиғи апат салдарынан елдің түрлі аймақтарында бірнеше ғимарат зақымданып, кейбірі толығымен қираған. Мемлекетте төтенше жағдай жарияланды.

Америкалық сейсмологтар қаза тапқандар санының айтарлықтай артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олардың болжамы бойынша, құрбандар саны 100 000-нан асуы мүмкін.

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтер жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.