"Казахстанская" шахтасынан жұмысшының денесі табылды
Жарияланған күні:
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасынан жұмысшының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды компанияның ресми сайты.
"2022 жылдың 6 қарашасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", – дейді компанияның хабарламасында.
Қазіргі кезде Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада 3 қарашаға қараған түнде төтенше жағдай орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапқан болатын. Оқыс оқиғадан кейін Қарағанды облысы Полиция департаменті төтенше оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Кейін Қарағанды облысының әкімдігі қаза болған кеншілердің есімін жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995930-kazaxstanskaya-saxtasynan-zumyssynyn-denesi-tabyldy/