Қарағанды облысындағы шахтадағы төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада болған төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес қозғалған.
"Оқиға орнында Қарағанды облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта қажетті барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі шахтада сағат түнгі 3:00-де газды дренаж скважиналарын бұрғылау кезінде газдың шығуы орын алып, салдарынан 4 жұмысшы қайтыс болған еді.
Кен орнының тағы төрт жұмысшысы ауруханаға жеткізілген болатын.
ТЖМ тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1995531-qaragandy-oblysynda-ornalasqan-saxtadagy-totense-zagdaiga-bailanysty-qylmystyq-is-qozgaldy/