Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі автобустың соқтығысқан сәтінен видео пайда болды

Опубликовано:

Алматыда екі автобустың соқтығысқан сәті
Алматыда екі автобустың соқтығысқан сәті. Видеодан кадр: Telegram/Qumash

Алматыда екі қоғамдық көліктің соқтығысқан сәтінен желіде видео пайда болды. Кадрларды Telegram-дағы Qumash арнасы жариялады.

Бейнежазбадан екі автобустың Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысына бір уақытта қатар шығып, соқтығысқанын көруге болады.

Одан кейін екі автобус та инерциямен жол жиегіне шығып кеткен, бір автобус Астана алаңындағы саябақтың аумағына барып тоқтаған.

Еске сала кетейік, Алматыда бүгін екі қоғамдық автобус соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметі бойынша тағы 15 адам жарақат алған. Сондай-ақ құзырлы орган аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар және жүйке жүйесі әлсіз, жүкті әйелдерге, 18 жасқа толмағандарға көру ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1996262-almatyda-eki-avtobustyn-soqtygysqan-satinen-video-paida-boldy/

pixel