jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда кортежбен жүрген мектеп түлектерінің ата-аналары айыппұл арқалады (видео)

    кортеж
    Кортеж. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

    Алматыда полиция қызметкерлері соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шара қарсаңында автокортежбен жүрген 21 жасөспірімнің ата-аналарына айыппұл салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін мұндай шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде тұрғындарға бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, бір топ мектеп түлегі қала көшелерімен автокөліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған.

    Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырды. Автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

    "Алматы полициясы автокортеж ұйымдастыруға, әсіресе оған кәмелетке толмағандардың қатысуына жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерткен еді. Соған қарамастан кейбір азамат заң талаптарын елемеді. Осындай әрбір дерек бойынша полиция әрекет ететінін атап өткім келеді. Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндіруге себеп болмауға тиіс", - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

    Полиция өкілдері соңғы қоңырау күні және одан кейінгі кезеңде қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілетінін еске салды. Әсіресе түлектердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылмақ.

    Алматы полициясы ата-аналар мен мектеп түлектерін мерекеге жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

    Алматыда кортежбен жүрген мектеп түлектерінің ата-аналары айыппұл арқалады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.