Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар саны артты

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккен 19 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен бойжеткен Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

"2003 жылы туған пациент алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірі үшін ақырына дейін күресті. Қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты", – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін, 25 қарашада Қарағанды қаласында екі маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан жүргізушілердің бірі көз жұмып, 18 адам зардап шеккен болатын.

Дәрігерлер төрт адамның жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998995-qaragandyda-eki-avtobustyn-soqtygysuynan-qaza-tapqandar-sany-artty/

pixel