Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Lexus бес баланы қағып кетті: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

қоңжық
Қоңжық. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында Lexus көлігі қағып кеткен бес оқушының бірі ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер 10 жастағы баланың өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өкінішке орай, дәрігерлер тарапынан қолдан келер барлық көмек көрсетілсе де, 10 жастағы бала 2 желтоқсан күні алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Оның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - дейді ведомство өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында жол апатынан зардап шеккен үш бала травматология бөлімінде ем алуда.

Балалардың жағдай орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, 25 қараша күні Lexus автокөлігінің жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта келе жатып, Арман ауылының маңында бес баланы қағып кеткен болатын.

Полицейлердің мәліметінше, олар жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000270-almaty-oblysynda-lexus-bes-balany-qagyp-ketti-zardap-sekkenderdin-biri-auruxanada-koz-zumdy/

pixel