Қазақстанның үш өңірінде қолайсыз ауа райы салдарынан бес адам жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Құтқарушылар еліміздің үш облысында қолайсыз ауа райы салдарынан жоғалып кеткен бес адамды іздестіруде, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Құтқарушылар Атырау облысында (1 қаңтарда Құрманғазы ауданында 1972 жылғы ер адам), Қарағанды облысында (2 қаңтарда Шет ауданында 1977 жылғы малшы), Ұлытау облысында (31 желтоқсанда Ұлытау ауданында шаруа қожалығының жұмысшысы мен 2 қаңтарда Қасақпай кентінен Бұрмаш қыстағына қарай үш адам жолға шыққан) тұрғындарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан іздеу жұмыстарына тікұшақты тарту мүмкін болмай тұр", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Атырау облысы ТЖД Көптоғай ауылының 50 жастағы тұрғыны 2023 жылдың 1 қаңтарында үйден шығып, оралмағанын хабарлаған еді. Сонымен бірге іздеу жұмыстарына бүгінде 25 адам мен 5 бірлік техниканың жұмылдырылғаны белгілі болды.
Айда кетейік, бұған дейін төтенше жағдай министрлігі республика бойынша 109 жол учаскесінің жабылып, қар құрсауынан 700-ге жуық адамның құтқарылғандығын мәлімдеген еді.
Сонымен бірге Жамбыл облысының Сарысу ауданында қолайсыз ауа райы салдарынан ТЖ режимі енгізілгенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004161-qazaqstannyn-us-onirinde-qolaisyz-aua-raiy-saldarynan-bes-adam-adasyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.