Түркістан облысындағы су басқан қаланың әуеден түсірілген видеосы жарияланды
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында Түркістан облысындағы су басқан Арыс қаласының әуеден түсірілген видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомство жариялаған бейнежазбадан үйлер су объектісінің жанында салынғандықтан, су тасқыны қаупі жоғары екендігін байқауға болады.
"Қазіргі уақытта еріген қар және жаңбыр суларының мол түсуіне байланысты Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай каналы толып жатыр", - деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, ТЖМ құтқару бөлімшелері түні бойы су тасқынына қарсы күресті жалғастырған.
Сондай-ақ ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.
Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007888-su-basqan-turkistan-oblysyndagy-qalanyn-aueden-tusirilgen-videosy-zariyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.