Түркістан облысындағы су тасқыны: шығын мөлшерін есептеу үшін комиссия құрылады
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысындағы Сауран ауданының төрт елді мекенінде су басу салдарын жою барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-арнасы.
Ведомствоның мәліметінше, министр әкімдікке келтірілген залалды бағалау бойынша комиссиялық аралау ұйымдастыру тапсырды.
Жедел штабтың хабарлауынша, қазіргі таңда Ордабасы ауданындағы елді мекендегі су сорылған.
Жақын арада министр Арыс және Кентау қалаларына, сондай-ақ Бәйдібек және Созақ аудандарына барады.
Қазіргі уақытта инертті материалдары бар 14500 дана қап салынған.
Сонымен қатар Арыс өзенінде 3 гидрологиялық бақылау бекеті қойылған.
Еске сала кетсек, ТЖМ құтқару бөлімшелері түні бойы су тасқынына қарсы күресті жалғастырған.
Сондай-ақ ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.
Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындаған.
Одан бөлек, ТЖМ Түркістан облысындағы су басқан Арыс қаласының әуеден түсірілген видеосын жариялаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007929-turkistan-oblysyndagy-su-tasqyny-sygyn-molserin-esepteu-usin-komissiya-qurylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.