Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ БҚО-да тікұшақтың апатты жағдайда қонуы салдарынан зардап шеккендерді құтқару сәтін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тікұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқару сәті
Тікұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқару сәті. Оқиға орнынан фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың апатты жағдайда қонуы салдарынан зардап шеккендерді құтқару сәтінен кадрлар жариялады.

"Суретте - авиациялық оқиға кезінде аман қалған зардап шеккендерді құтқару жұмысы", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонғанын жазған едік.

Салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, 23 ақпанда "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан. Сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта тікұшақ қатты екпінмен келіп қонған.

Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010640-tzm-bqo-da-tikusaqtyn-apatty-zagdaida-qonuy-saldarynan-zardap-sekkenderdi-qutqaru-satin-korsetti-foto/

pixel