jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды (видео)

    Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды
    Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды. Видеодан кадр: ТЖМ

    Атырау облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарыүш күн бойы қызыл жалынмен күресуде. Қазіргі уақытта 80 гектардан астам аумақтағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ведомство Telegram арнасында.

    Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысындағы қамыс өртінің жалпы ауданы 89,5 гектарды құраған. Қазіргі уақытта 80 гектардан астам аумақтағы өрт өшірілген.

    "Жергілікті жердің сулы-батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен хлопушкалардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда", - делінген хабарламада.

    Одан бөлек, 4 сәуірде сағат 17.00-ден бастап өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған. Осылайша, әуеден 14 рет су төгілді.

    Осы ретте, ТЖМ өртті сөндіруге барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық әртүрлі техника жұмылдырылғанын хабарлады.

    Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.