jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Медеу бөгетінен 300 метр биіктікте тастар опырылып түсті

    Медеуде тас опырылып түсті
    Жол. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Медеу – Шымбұлақ автожолында Медеу бөгетінен 300 метр биіктікте тастар опырылып түскенін хабарлады.

    Қалалық ТЖД мәліметінше, 11 және 13 сәуір күндері Медеу – Шымбұлақ автожолында Медеу бөгетінен 300 метр биіктікте тастар опырылып түскен.

    "Тастардың бір бөлігі автомобиль жолына түскен. 11 сәуір күні 20 шаршы метр тас опырылып түссе, 13 сәуір күні 2 шаршы метр тас опырылып түскен. Қазіргі таңда қауіп сақталады", – дейді ТЖД.

    Алматы – Космостанция және Алматы – Тұйықсу автомобиль жолдары жабылып, блокпосттар қойылды.

    Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және Қазселденқорғау Алматы қаласының тұрғындарын тауға шықпауды сұрайды.

    "Мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың баруын шектеу бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет", – дейді қалалық ТЖД өкілдері.

    Медеу бөгетінен 300 метр биіктікте тастар опырылып түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.