Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пойыз, тікұшақ және 260-тай адам еліміздің шығысындағы ірі өртті сөндіруде (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруде
Өрт сөндірушілер "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруде. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Абай облысындағы "Семей орманы" табиғи резерватындағы өрт аумағы 1100 гектарға дейін ұлғайды. Жүздеген адам өртті сөндіруге атсалысып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, алдын ала мәлімет бойынша 23 мамыр күні таңертең өрттің ауданы 1100 гектарды құраған. Өрт аумағы бір күн бұрын 57-70 гектарды құраған болатын.

"Өртті сөндіру жұмыстарын қатты екпінді жел қиындатуда. Желдің салдарынан өрт төменнен жоғарыға өтіп, тез таралуда", - делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ ақпаратынша, қазіргі таңда орман өртін сөндіруге барлығы 88 техника (біреуі өрт сөндіру пойызы) және 259 адам, сондай-ақ Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы жұмылдырылған. Сонымен қатар Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілген.

"Халықты хабардар ету және Ивановка ауылы мен Березовка санаторийіне іргелес аумақты қарауылдау үшін жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және 4 техника жұмыс істеуде", - деп қосты ТЖМ өкілдері.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігінде және облыстық ТЖД-ның дағдарыс орталығында жедел штаб құрылып, жедел желі телефондары қосылған.

Ведомство хабарлауынша, 23 мамыр сағат 05:00-дегі жағдай бойынша Алтай өлкесінің аумағындағы өрт жойылған. Ал Абай облысындағы елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, 22 мамыр күні сағат 15:25-те Абай облысы Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта орналасқан, Ресейдегі Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, дала өрті тұтанған болаты.

Кейін өрт "Семей орманы" табиғи резерватына ойысқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021702-poiyz-tikusaq-zane-260-tai-adam-elimizdin-sygysyndagy-iri-ortti-sondirude/

pixel