Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш адам көз жұмған жол апаты: тағы бір зардап шегуші қайтыс болды

Опубликовано:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан жол апатынан кейін тағы бір адам ауруханада көз жұмды. 27 жастағы зардап шегуші сурдопедагог болып жұмыс істеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басылымға берген мәліметінше, марқұмның миы шайқалып, қабырғасы сынып, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Сондай-ақ ол басқа да жарақат алған.

"Дәрігерлер реанимациялық шаралар жасаған, бірақ оны жеткізгеннен кейін жарты сағат өткен зардап шегуші қайтыс болған", - деп жазады басылым.

Басылым 27 жастағы зардап шегушінің Орал қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы болып жұмыс істегенін атап өтті.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, Қобда аудандық ауруханасына 27 жастағы Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жеткізілген. Дәрігерлер оған миы шайқалу, иық жарақаты және тізе сүйегі сынған деген диагноз қойған.

Сонымен қатар Ақтөбеде жедел жәрдем ауруханасына миы шайқалып, сүйектері сынған 46 және 27 жастағы тағы екі әйел жеткізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының аумағында яғни Самара-Шымкент тасжолында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі зардап шеккенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023051-aqtobede-us-adam-koz-zumgan-zol-apaty-tagy-bir-zardap-segusi-qaitys-boldy/