Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудың орталығында тапа-тал түсте ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін Атыраудың орталығынан қарт адамның мәйіті табылды. Полицейлер марқұмнан зорлықпен өлімнің ізі табылмағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сағат 11:38 шамасында Атырау орталығындағы көшеден ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Atyrauoil Instagram желісінде.

Атырау облысының полиция департаменті марқұмның денесінен жарақаттар табылмағанын хабарлады.

"Бүгін Атырау орталығында 1963 жылы туған ер адам қайтыс болды. Денесінде жарақат жоқ, алдын ала болжам бойынша ер адамның мерт болуы денсаулық жағдайымен байланысты.

Ер адамның жақын маңдағы құрылыс алаңында жұмысшы болғаны анықталды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023311-atyraudyn-ortalygynda-tapa-tal-tuste-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel