Шымкентте бір күнде екі бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті
Жарияланған күні:
Шымкентте 10 тамыз күні екі бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы үйлердің бірінің төртінші қабатынан 1 жасар сәби құлап ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 2022 жылы туған қыз баланың жағдайы ауыр деп отыр. Қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылған.
Екінші оқыс жағдай да 10 тамыз күні Шымкент қаласы Спорт шағынауданындағы үйлердің бірінде сағат 20.30-дар шамасында болған. 2019 жылы туған ұл бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Төрт жасар сәбиді жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Жағдайы ауыр, ол да жансақтау бөліміне жатқызылды. Оқыс оқиғалардың мән жайын полицейлер анықтап жатыр.
Екі оқыс жағдайда да сәбилер ата-ананың қарауынсыз қалған деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлау фактісі 6 рет тіркелген. Оның ішінде екі бала қайтыс болған, 4 бала жарақат алып отыр. Барлық оқыс оқиғада бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға абай болыңыздар, қараусыз қалдырмаңыздар!"- деп ескертеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2032128-symkentte-bir-kunde-eki-bala-kop-qabatty-turgyn-uidin-terezesinen-qulap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.