Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сырдария өзеніндегі қайғылы жағдай: ТЖМ суға кеткендердің жасы туралы мәлімет таратты

Опубликовано:

Сырдария өзені
Оқиға болған жер. Фото: Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның жасы туралы мәлімет таратты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен 11 адамның сегізі - кәмелет жасына толмағандар. Қазіргі таңда 9 адамның денесі табылған. Олар:

  • 1983 жылы туған әйел;
  • 2006 жылы туған қыз бала;
  • 2004 жылы туған бойжеткен;
  • 2019 жылы туған қыз бала;
  • 2015 жылы туған қыз бала;
  • 2017 жылы туған қыз бала;
  • 2006 жылы туған ұл бала;
  • 2009 жылы туған ұл бала;
  • 1998 жылы туған әйел.

Сондай-ақ 2011 жылы туған ұл бала мен 2013 жылы туған қыз бала іздестірілуде.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері.

ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлды.

Бүгін құтқарушылар тоғызыншы адамның денесін тауып, судан шығарғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033535-syrdariya-ozenindegi-qaigyly-zagdai-tzm-suga-ketkenderdin-zasy-turaly-malimet-taratty/

pixel