Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы қайғылы жағдай: суға батқан оныншы адамның денесі табылды

Опубликовано:

Сырдария өзені
Оқиға болған жер. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның оныншысының денесі табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады, деп жазады "ҚазАқпарат".

Бүгін, 23 тамызда сағат 10:40-та құтқарушылар су астынан кәмелетке толмаған баланың денесін алып шыққан. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болған еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері.

ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлды.

Бүгін құтқарушылар тоғызыншы адамның денесін тауып, судан шығарғаны белгілі болды.

Кейінірек, Төтенше жағдайлар министрлігі суға кеткендердің жасы туралы мәлімет жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033618-turkistan-oblysyndagy-qaigyly-zagdai-suga-batqan-onynsy-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel