jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Құтқарушылар Советов шыңында жоғалып кеткен қызды төрт сағат іздеп, аман-есен тапты

    Таудан түсіп келе жатқан құтқарушылар
    Таудан түсіп келе жатқан құтқарушылар. Фото: t.me/qr_tjm

    ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы Советов шыңында жоғалып кеткен қызды аман-есен тапты, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

    Ведомство мәліметінше, 10 қыркүйек Іле Алатауы тауларында Советов шыңы аймағында (биіктігі 4317 м) 1990 жылғы бойжеткен жоғалып кеткен.

    Белгілі болғандай, ол достарымен бірге тауға шығып, алайда жоғары көтерілгенде олар бір-бірінен бөлек кеткен. Ал түн ортасында құтқарушылар көмекке шақырылған. Жоғалған адаммен байланыс болмаған.

    Бойжеткенді іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге шыққан.

    "Бір сағаттан кейін құтқарушылар Советов шыңына шығып, іздеуге кірісті, өтініш берушіде нақты геолокация болған жоқ. Құтқарушылар төрт сағат бойы түнгі уақытта таулардан туристі іздеді, олардың кәсіпқойлығының арқасында келесі күні таңертең 5.16-да қыз табылды. Сағат 7.50-де құтқарушылар қызды РЖҚЖ жедел көлігіне түсірді", - дейді ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының өкілдері.

    Осы орайда ТЖМ құтқарушылары тауға шығарарда әрібір адам ескеруі қажет қағиданы еске салды.

    "Тауға жалғыз бармаңыз, бағытыңызды зерделеңіз, қауіпсіздігіңізді тәуекел етіп жолды қысқартпаңыз және тауға шықпас бұрын туыстарыңыз бен жақындарыңызға болжамды бағыт пен қалаға оралу уақытыңыз туралы ескертуді ұмытпаңыз", - дейді құтқарушылар.

    Айта кетейік, бұған дейін Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы Арасан-Қорасан шатқалында аяғын сындырып алған 38 жастағы әйелге көмек көрсеткен еді.

    Құтқарушылар Советов шыңында жоғалып кеткен қызды төрт сағат іздеп, аман-есен тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.