Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан кішкентай қыз көз жұмды

Жарияланған күні:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Universal Images Group via Getty Images

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан 9 жасар қыз бала ауруханада көз жұмды. Ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады, деп хабарлайды "Костанайские новости" порталы.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 25 тамыз күні Ұзынкөл ауылында жастар күніне орай өткен көбік кешінде болған еді.

Осы іс-шарада 9 жасар қыз баланы электр тоғы соққан болатын. Оған сол жерде кезекші дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін ол уруханаға жатқызылды.

Полиция бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейін облыс әкімдігі бұл шараны аудан әкімдігінің тапсырысымен жеке кәсіпкер ұйымдастырғанын хабарлады.

Қайғылы оқиғадан кейін тиісті бақылау болмағаны үшін Ұзынкөл ауданының әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жергілікті әкімшілік тарапынан шараны ұйымдастыруға жауапты аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қызметтерінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036275-qostanai-oblysynda-kobik-kesinde-toq-soqqan-kiskentai-qyz-koz-zumdy/