Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда азаматын өлтірді деп күдікке ілінген қазақстандық әйел экстрадициялана ма: СІМ жауап берді

Опубликовано:

Қолына кісен салынған әйел
Қолына кісен салынған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда бірге тұрған жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық әйел туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер СІМ ресми өкілінен Түркияда кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық әйел экстрадициялануы мүмкін бе деп сұрады.

"Бұл сұрақ консулдық желі арқылы талқыланады. Екіншіден, егер адам қылмыс жасаса немесе қылмыс жасады деген күдікке ілініп, тергеу жүргізіліп жатса, онда экстрадициялау туралы сөз қозғалмайды. Экстрадиция – үкім күшіне (сот шығарған үкім – ред.) енгеннен кейін ғана болады", – дейді Айбек Смадияров.

Ресми өкіл тергеудің қанша уақытқа созылатынын білмейтінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда өзімен бірге тұрған жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматының ұсталғаны хабарланған болатын. Болжам бойынша әйел тұрмыстық жанжал кезінде оған пышақ жарақатын салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036278-turkiya-azamatyn-oltirdi-dep-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-aiel-ekstradiciyalana-ma-sim-zauap-berdi/

pixel