jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Маңғыстау облыстық ауруханасында түнде пайда болған түтіннен 470 адам қауіпсіз жерге шығарылды

    Жедел жәрдем көліктері
    Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облыстық ауруханасында түнде пайда болған түтіннен 470 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Дер кезінде оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жану ошағын тауып, оны жойған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, 20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасында түтін пайда болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

    Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары шақырудың 3 дәрежесі бойынша жіберілген.

    Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 6 қабатты ғимараттың 3 қабатындағы урология бөлімшесіндегі медбике шаруашылығы бөлмесінің желдету каналынан жану ошағын тапқан.

    Ауруханадан 470 адам қауіпсіз жерге шығарылған оның 150-ін ТЖД күштері шығарған.

    Бықсу сағат 23:31-де жойылған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген.

    ТЖД қазіргі таңда Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

    Маңғыстау облыстық ауруханасында түнде пайда болған түтіннен 470 адам қауіпсіз жерге шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.