Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде өзен жағасында әйелді жылан шағып алды

Опубликовано:

Жылан
Жылан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскемен қаласының тұрғынын өзен жағасында жылан шағып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелді Күленов кентіндегі өзен жағасында жылан шағып алған.

Күйеуі оны бірден ауруханаға жеткізген. 

Пациентке алғашқы медициналық көмек көрсетілген, жағдайы жақсарған ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері Өскемен қаласы бойынша жылан шыққан 6 адам ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында ата-анасымен табиғатқа демалуға шыққан 13 жастағы қызды жылан шағып алған еді.

Сондай-ақ Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала екі күннен кейін көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2039769-oskemende-ozen-zagasynda-aieldi-zylan-sagyp-aldy/

pixel