Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды шахтасындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Опубликовано:

Кен орны
Кен орны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандының Костенко шахтасындағы төтенше жағдайда қаза тапқандар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды АрселорМиттал Теміртау компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді, 31 кеншіні іздеу жалғасуда, 16 кенші тіршілік белгілерінсіз табылды.

Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп тұр”, - делінген AMT компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Қарағандының Костенко атындағы шахтасында болған апат

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042921-vzryv-na-saxte-v-karagande-do-16-vozroslo-cislo-pogibsix-qaragandydagy-saxtada-zarylys-qaza-tapqandar-sany-16-ga-zetti/

pixel