Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Костенко шахтасындағы жарылыс: 32 кенші қайтыс болды

Жарияланған күні:

Кенші
Кенші. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысындағы шахтадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

"Костенко атындағы шахтада сағат 16:00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлады министрліктен.

Қарағандының Костенко атындағы шахтасында болған апат

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2042961-kostenko-saxtasyndagy-zarylystan-qaitys-bolgan-tagy-tort-adamnyn-denesi-tabyldy/