Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада биіктен құлап кеткен жұмысшының жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Альпинист
Альпинист. Көрнекі фото: Thermchai / Getty Images

Биыл 12 қазанда Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде төрт альпинист биіктен құлағаны хабарланған. Салдарынан үш жұмысшы қаза тауып, біреуі ем алып жатыр. Медицина қызметкерлері биіктен құлаған төртінші альпинистің денсаулығын айтты, деп хабарлайды Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәліметі бойынша, төртінші жұмысшының денсаулығы жақсарып келе жатыр.

"1999 жылы туған науқастың жағдайы оңалып келе жатыр. Қазір науқас стационарлық бөлімде жатыр және трахеотомиясыз, өз бетінше тыныс алып жатыр, толық кешенді ем қабылдап жатыр.

6 қарашада ол өз бетінше тамақтанып, ақырындап серуендей бастады. Медицина қызметкерлері олардың өмірін сақтап қалып, емдеу үшін орасан күш салып, жұмыс атқарды", – деп атап өтті елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратында.

Еске салайық, қазанның 12-сі Астанада төрт альпинист биіктен құлап, екеуі қаза болып, екеуі ауруханаға түскен. Қайғылы оқиға құрылыс алаңында болған. Алайда бірнеше күн өткен соң ауруханада жатқан үшінші альпинист көз жұмды.

Сондай-ақ бүгін, 14 қарашада құрылыс алаңында альпинистердің құлау дерегі бойынша жұмыс беруші қамауға алынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2045661-astanada-biiktep-qulap-ketken-zumyssynyn-zagdaiy-belgili-boldy/