jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда басына кірпіш түсіп қайтыс болған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

    Әйелдің басына кірпіш құлаған үй маңы
    Әйелдің басына кірпіш құлаған үй маңы. Фото: КТК телеарнасы

    Оралдық полицейлер басына кірпіш түсіп көз жұмған қала тұрғынының өліміне кінәлілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Басына кірпіш түскен 50 жастағы әйел саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған екен.

    "Педколледже сабақ беріп жүрген. Жүгіріп жүрген оқытушы, ауырған жоқ, жатқан жоқ. Басына кірпіш құлағанда сол жерде жан тапсырған деп естідік, жанымыз түршікті", - дейді марқұмның әріптесі.

    Телеарна мәліметінше, бүгін педагогика колледжінде ұстаз Гүлнар Нұрашевамен қоштасу өткен. Директордың орынбасары қызметін атқарған ол желтоқсан айында 50 жасқа толар еді.

    Полиция оқиға тапа-тал түсте қаланың орталық көшесінде болғанын айтқан. Төрт қабатты бірнеше үйдің жанынан жаяу жүргіншілер жолы өтеді екен. Бірақ Гүлнар Нұрашева қаланың басқа шетінде тұрады. Бұл жерге жеке шаруасымен барған. Сол жерден өте бергенде шатырдан басынан кірпіш құлап түскен.

    1960 жылдары салынып, ешқашан күрделі жөндеу көрмеген үйдің шатырында кірпіштер шашылып жатқан. Оны біреу әдейі лақтырды ма, әлде өздігінен құлады ма, оны полиция анықтайды.

    "Осы үйлерде орналасқан дүкен, ломбард қызметкерлері бұған дейін де талай кірпіш құлағанын айтады. Әйтеуір адам аман болатын. Енді, міне, адам ажал құшты. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Орал қаласы Абай полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Аслан Аймұханов.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Оралда басына кірпіш түсіп қайтыс болған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.