Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда хостелде болған өрт себептерін үкіметтік комиссия тексереді

Жарияланған күні:

Оқу орны
Алмаьыдағы өрт шыққан хостел. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

"Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 30 қарашада сағат 05:33-те Алматы қаласы Ади Шәріпов көшесіндегі жатақханадан өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2 адамның Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048367-almatyda-xostelde-bolgan-ort-sebepterin-ukimettik-komissiya-tekseredi/