Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы хостелден шыққан өрт: қаза тапқан ресейлік азамат туралы жаңа мәлімет шықты

Опубликовано:

Алматыдағы өрт шыққан хостел
Алматыдағы өрт шыққан хостел. 2023 жыл, 30 қараша. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Алматыдағы хостелден шыққан өрт кезінде қаза болған ресейлік азаматтың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оның денесін туған жеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Саха (Якутия) Республикасының сыртқы байланыстар және халықтар ісі министрі Гаврил Кириллин мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Алматыдағы хостелден шыққан өрт кезінде якут Герман Андреев көз жұмды. ОлЖиганск тумасы. Қазақстанға 2023 жылдың 5 сәуірінде келген. Қазіргі кезде оның денесін тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Туған жеріне жеткіземіз. Ресей сыртқы істер министрлігі көмек көрсетуде", - дейді Гаврил Кириллин.

Сонымен қатар ол өзі басқаратын ведомство марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін атап өтті.

Алматыдағы хостелде болған өрт

30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

1 желтоқсанда Бас прокуратура хостелді жалға беруші ұсталғаны хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2048796-almatydagy-xostelden-syqqan-ort-qaza-tapqan-reseilik-azamat-turaly-zana-malimet-syqty/

pixel