Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан екі оқушы мен мұғалім жол апатынан қайтыс болды

Жарияланған күні:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ақтөбе облысында аудандық олимпиадаға бара жатқан ауыл мұғалімі мен екі оқушы жол апатынан көз жұмды. Мұғалім бес оқушымен бір таксиге мінген. Жолда оқушылар мінген көлік жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"Интернетке шектеу, мигранттар": Мәскеудің бүгінгі келбеті қандай (фото)

Қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні сағат 8:30 шамасында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Самара-Шымкент тас жолының бойында тіркелді. Жаныс би ауылының оқушылары олимпиадаға бара жатқанын облыстық білім басқармасы растады.

"Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан екі оқушы мен бір мұғалім жол апатынан қаза тапқан. Көлікте жүргізушіден бөлек бес оқушы мен бір мұғалім болған", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Қайғылы оқиға аудан орталығына 50 шақырым қалғанда тіркелді. Полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталғанын хабарлайды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам, оның ішінде екі оқушы қаза тапты. Оқиға 19 желтоқсан күні сағат 8-30 шамасында "Құрылыс" ауылының маңындағы Самара-Шымкент автожолында тіркелді. "Toyota Alphard" автокөлігі мен "Volvo" жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Toyota Alphard" автокөлігінің жолаушылары, ер адам және екі оқушы оқиға орнында қаза тапты”, - деп хабарлайды облыстық ПД.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2051458-aqtobe-oblysynda-olimpiadaga-bara-zatqan-eki-oqusy-men-mugalim-zol-apatynan-qaitys-boldy/