Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балауса Мұздиман: әуесқой мен кәсіпқой боксты қатар алып жүре аламын

Опубликовано:

Боксшы Балауса Мұздиман
Боксшы Балауса Мұздиман. Фото: instagram/muzdi_____

Бүгін, 9 желтоқсан Алматы қаласында қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен жапон спортшысы Акихиро Кондо арасындағы жекпе-жек алдындағы қорытынды баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

10 желтоқсан Алматы қаласында Жанқош Тұраров (27-0 20 КО) пен жапон спортшысы Акихиро Кондо (37-11) бастаған бокс кеші өтеді. Кардтың екінші негізгі кездесуінде қазақстандық спортшы Балауса Мұздиман (2-0) мен Египет өкілі Мариям Гебер (3-0) жұдырықтасады.

Parimatch компаниясының бренд-амбассадоры Балауса Мұздиман жекпе-алдындағы қорытынды баспасөз мәслихатында қазақ еліне әсерлі жеңіс сыйлағысы келетінін айтты.

"Қарсыласым – Мариям Гебер. Кәсіпқой бокстағы рекорды 3-0 және 2 нокауты бар. Сонымен қатар бокстан Египет пен Африка чемпионы. Мен үшін оңай қарсылас болмайды. Бірақ біз осы жекпе-жекке толық дайындық үшін ауыр лагерь өткіздік. Одан бөлек Лас-Вегаста бір айға жуық уақыт спарринг жасадық. Американық ең үздік бокс залдарының бірі Top Rank пен Флойд Мейвезердің залында оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік. Ертең қазақ халқына және жанкүйерлеріме керемет, әсерлі жеңіс сыйлаймын", – деді Балауса Мұздиман.

Балауса – бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Сол себепті әуесқой бокста да жоғары нәтижелерге жеткісі келетінін мәлімдеді.

"Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа толық ауысып кеткен жоқпын. Өйткені ұлттық құрама сапындамын. Десе де кәсіби бокс кештеріне де қатыса беремін. Бұл мен үшін өте жақсы тәжірибе. Менің салмағымда өнер көрсететін боксшыларда әлі лицензия болмағандықтан, Париж-2024 Олимпиадасына қатысуға бар күшімді саламын", – деді Балауса.

Балауса Мұздиман болашақта Геннадий Головкиннің жаттығу залында дайындалғысы келетінін де айтты.

"Отанымыздың атын шығарып жүрген спортшы Геннадий Головкиннің жаттығу залында дайындалу мен үшін үлкен мәртебе болатын еді. Әлемнің ең мықты боксшысы Флойдтың залында жаттыққанда, неге Головкиннің залында жаттықпасқа. Сол себепті алдағы уақытта келіссөздер жүріп, сол лагерге барсақ мен үшін үлкен қуаныш болады", – дейді боксшы Балауса Мұздиман.

Айта кетейік, Балауса Мұздиманның соңғы жекпе-жегі "Алматы Аренада" өткен еді. Қазақстандық спортшы Зухра Исраилованы төрешілердің бірегей шешімімен (0:1) жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2050008-balausa-muzdiman-auesqoi-men-kasipqoi-boksty-qatar-alyp-zure-alamyn/

pixel